Кезекті аппараттық кеңес өтті

Кезекті аппараттық кеңес өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Аталмыш отырыстың күн тәртібі бойынша бірінші мәселе “Ауыл аманаты” бағдарламасының іске асырылу барысы және екінші мәселе 22 Наурыз мейрамының дайындық іс шаралары туралы. Сондай-ақ, ағымдағы жағдай бойынша аудандағы жылу беру маусымының өту барысы, әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мен БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыс туралы жауапты бөлім басшылары баяндама жасады.
Осыдан кейін, басқа да түрлі сұрақтар талқыланып, жиын соңында аудан басшысы жауапты сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.