Дзюдодан 2009-2011 жылы, 2012 - 2014 жылы туылған ұлдар мен қыздар арасында Шет ауданының ашық біріншілігі өтті

Дзюдодан 2009-2011 жылы, 2012 - 2014 жылы туылған ұлдар мен қыздар арасында Шет ауданының ашық біріншілігі өтті

Ағымдағы жылдың 9 наурызы күні С.Сейфуллин кентінде дзюдодан 2009-2011 жылы, 2012 - 2014 жылы туылған ұлдар мен қыздар арасында Шет ауданының ашық біріншілігі өтті. Біріншілікке облыс аудандары мен қалаларынан 250 - ден астам ұлдар мен қыздар 2 жас ерекшелігі бойынша, 26 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Ашылу салтанатында Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Ахметов жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Жеңімпаз жасөспірімдер арнайы кубоктермен, медальдармен, мадақтама қағаздарымен марапатталды.