Қасиетті Рамазан айымен құттықтады!

Қасиетті Рамазан айымен құттықтады!

Құрметті жерлестер!
Қадірлі мұсылман бауырлар!

Баршаңызды исі мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын он екі айдың сұлтаны - Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Ораза - мұсылман баласының бірін - бірі ынтымақ пен берекеге, татулық пен мейірімділікке шақырып, жақсы істерге себепші болатын айрықша ай.

Біздің ауданымызда да осынау қасиетті айда тұрғындарымыздың ауызбіршілігі артып, қайырымдылық пен ізгі амалдарға толы кезең болады деп сенемін.

Қадірлі ағайын!
Олай болса, ұстаған оразаларыңыз, жасаған жақсы амалдарыңыз сауаптан болсын!Әр жыл сайын ауданымыз өсіп - өркендеп, оразадан оразаға басымыз аман, бауырымыз бүтін аман - есен жете берейік!
Ізгі ниетпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров