Аудан ортылығында Халықаралық әйелдер күніне орай волейболдан қыз-келіншектер арасында аудындық ашық біріншілік өтті. Аталмыш сайыста Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Ахметов нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз ара бақ сынасқан арулар жарысының қорытындысы бойынша І орынды - Ақжал кенті, ІІ орынды - Өспен ауылы, ІІІ орынды - Ақсу-Аюлы ауылының командалары иеленді. Жарыстың үздік ойыншылары естелік сыйлықтармен, ал жеңімпаздар қаржылай сертификаттармен, командалық кубок және медальдармен марапатталды.