
Ардақты аналар, аяулы ару қыздар!
Қымбатты әпке – қарындастар!
Сіздерді бүгінгі көктемнің көркем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Нәзік жандылардың қай заманда болмасын тіршіліктің кез келген саласында өзінің лайықты орындары бар. «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген» әйелдер қауымы тұрмыс пен жұмыстың тізгінің тең ұстап, отбасының ғана емес, тәуелсіз еліміздің дамуына зор үлестерін қосуда. Біздің ауданымызда да әсемдік әлемінің үлгісіндей сұлу да сымбатты қалыптарын сақтап, шаңырақтың шырайын келтірер Отанасы – аяулы ана, адал жар, үлгілі қызметкер рөлдерін қатар алып жүрген ардақты жандардың қатары қалың екендігі көңілімізге қуаныш, ертеңімізге сенім ұялатады. Сондықтан, осынау мерейлі мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға баянды бақ-береке, отбасыларыңыз бен жақын жандарыңызға амандық тілеймін. Әрдайым қызғалдақ гүліндей құлпырып, ер азаматтардың құрметі мен ыстық ықыласына бөлене беріңіздер!
Ізгі ниетпен,
Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров.