АНА - БЕСІК, АНА - ЖЫР, АНА - ҒАСЫР

АНА - БЕСІК, АНА - ЖЫР, АНА - ҒАСЫР

Жылу мен жылылық сыйлайтын халықаралық әйелдер күніне арналған “Ана - бесік, Ана - жыр, Ана - ғасыр” атты салтанатты жиын аудан орталығындағы мәдениет үйінде өтті.
Аталмыш жиындатаудан әкімі М.Мұхтаров шығып, көктемнің алғашқы лебімен келіп жеткен халықаралық әйелдер күнімен ардақты аналарды, қыз-келіншектерді құттықтап, ақжарма тілегін арнады.
Салтанатты жиында әр салада еңбек етіп жүрген, өз ісінің үздіктері атанған бірнеше аруларымыз аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мұнан соң залда отырған аналар мен қыз-келіншектерге аудан әкімі атынан гүл шоқтары табыс етілді.
Салтанатты жиынның соңы әсерлі концерттік бағдарламаға ұласып, мәдени-сауық орталығының және қарағандылық әншілермен қатар, осы мерекелік шараға арнайы шақыртылған Қазақстан эстрада жұлдыздары Нұрлан мен Мұрат орындаған әндер көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.