ҚАРТ АНАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚАРТ АНАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Аудан әкімі М.Мұхтаров 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесіне орай, аудан орталығындағы тыл ардагері, алтын алқа иегері Зәкірбекова Күләш есімді қарт ананың шаңырағына арнайы барып, ізгі лебізін білдіріп, мерекелік сыйлықтарын табыс етті. Бүгінде тоқсанның бесіне келіп, дүниеге әкелген 9 баласынан 18 немере, 53 шөбере, 2 шөпшек сүйіп отырған абыз әже өзіне арнайы келіп, құрметін көрсетіп жатқан аудан басшысына аналық ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді. Айта кету керек, Күләш әже саналы өміріндегі қызмет жолын ауылшаруашылық саласының өркендеуіне арнаған.