
Кеше облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай, аймақтағы нәзік жандылар қауымын қабылдап, салтанатты кездесу өткізді. Айтулы кездесуде облыс басшысы әр салада жемісті еңбек етіп жүрген аруларды алдағы мерекелерімен құттықтап, бағалы сыйлықтарын табыс етті. Аталмыш кездесуге ауданымызға қарасты Т.Қайрақты ауылдық округінің тұрғыны, “Тракторшы келін” атанған Байдашова Арайлым Жекенқызы қатысты. Салтанатты жиын барысында Арайлым ауыр техниканы тізгіндей отырып, ауылда жұбайына көмектесетініне еш өкінбейтінін айтып өтті.