
Қарағанды қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында, жерлесіміз Алтаев Ұлан 90 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді. Ауданымыздың мақтанышына айналып, облысымыздың намысын қорғап жүрген барша спортшыларымызға ризашылығымызды айтып, алдағы байрақты бәсекелерде бақтары жансын демекпіз.