
Құрметті жерлестер!
Ардақты ағайын!
Сіздерді көгілдір көктем айының алғашқы мерекесі -Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұшқан құстың қанаты талатын ұлаң – ғайыр қазақ даласын мекен еткен бауырмал жұрт жерінің ғана емес елінің де кеңдігімен әлемге танымал. Тарыққанға тіреу, сүрінгенге сүйеу болып, барша ұлт пен ұлысты бауырына басып, бір шаңырақ астында тату – тәтті ғұмыр кеше білген ата – бабалар ғұмыры біздерге үлкен үлгі – өнеге. Сондықтан, бұл мереке тұрғындарымызды татулық пен мызғымас бірлікке, мейірімділік пен келісімге шақыратын айрықша күн. Осынау мерейлі мерекеде баршаңызға шын пейілмен ақжүрек алғысымды білдіремін. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, шаңырақтарыңыз шуақты, әлеуетіміз қуатты болсын!
Ізгі ниетпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров