Кеншоқы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

Кеншоқы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Карсембаев пен аудандық мәслихат төрағасы С.Социал бастаған әкімдік өкілдері Кеншоқы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Айтулы жиынға әкімдік өкілдерінен бөлек, «Saryarka Resources Capital» ЖШС - нің басшылары арнайы келіп қатысты.
Кездесуде кәсіпорын басшылары алдағы өткен кездесуде тұрғындар тарапынан туындаған мәселелерге жауаптарын берді. Алайда қосымша бірқатар сұрақтарға уақыт беріліп, жауабы бір жұма көлемінде берілетін болады. Сонымен қатар, жиын соңында кәсіпорынның кадр қызметкерлері ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, жұмысқа орналасуға ықпал етті.