БАСҚАРМА БАСШЫСЫ АУДАНЫМЫЗДА

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ АУДАНЫМЫЗДА

Ауданымызға Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Т.Аблаев арнайы іс – сапармен келді. Сапар барысында басқарма басшысы аудан орталығындағы спорт саласының жай – күйімен танысып, әкімдік ғимаратында сала қызметкерлері мен жаттықтырушылармен кездесті. Келелі кездесуде ауданның мәденит, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Ахметов басқарма басшысына аудан аумағында спорт саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша мәлімет беріп өтті. Осыдан кейін, басқарма басшысы спорт саласын дамыту әрі спортшыларды қолдау бойынша облыс көлеміндегі негізгі жоспарлы іс – шараларды тілге тиек етіп, қатысушылардың көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарына жауап берді. Сондай – ақ, қазіргі таңда аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан спорттық іс – шараларға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да қажетті қолдаулардың көрсетіле беретіндігін жеткізді.