
«Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданға қарасты Мойынты мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Мәдениет үйінің сыртқы фасадын қаптау, ішкі әрлеу жұмыстары, жылу, тоқ жүйелерін жаңарту, есік, терезелерін жаңарту, от қазандығын айырбастау, төбесін, шатырын айырбастау, су тарту, сантехникалық және сыртқы қоршау орнату жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.