Кезекті аппараттық кеңес өтті

Кезекті аппараттық кеңес өтті

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің м.а. Д.Карсембаевтың төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Аталмыш отырыстың күн тәртібі бойынша бірінші мәселе ауданның «Шеткоммунсервис» КМК-ның 2023 жылғы қызмет қорытындылары және 2024 жылға арналған жоспарлары қаралды. Сондай-ақ, ағымдағы жағдай бойынша аудандағы жылу беру маусымының өту барысы мен БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыс туралы жауапты бөлім басшылары баяндама жасады.
Осыдан кейін, басқа да түрлі сұрақтар талқыланып, жиын соңында аудан басшысының м.а. жауапты сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.