Жерлесіміз жеңіспен оралды

Жерлесіміз жеңіспен оралды

Ағымдағы жылдың 17-26 ақпан аралығында Алматы қаласында ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтың классика түрінен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Аталмыш додада жерлестеріміз Қожанәсіп Асылхан күміс жүлдеге, Қожанәсіп Аңсаған қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, Қожанәсіп Асылхан алда Түркия елінің Стамбул қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынына жолдама алды. Жерлестерімізді жүлделерімен құттықтай отыра, алда болатын жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.