
Бүгін аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің м.а. Д.Карсембаев пен аудандық мәслихат төрағасы С.Социал Ақсу-Аюлы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, жеке қабылдау өткізді.
Кездесуге ауданның барлық сала басшылары қатысып, тұрғындардың көтерген мәселелеріне жіті қарап, тындады. Қабылдау кезінде тұрғындардың көтерген мәселелерінің басым көпшілігі әлеуметтік көмек, тұрғын үй және инфрақұрылым мәселелері. Тұрғындарға заңдылықтарға сәйкес тиісті түсініктемелер берілді.
Кездесу қорытындысымен әр көтерілген мәселе бойынша іс-шара жоспары әзірленді.