Бүгін ауданымызға қарасты Ақадыр кентінің тұрғындарымен кездесу өтті.
Аталмыш кездесуге аудан әкімінің м.а. Д.Карсембаев, аудандық мәслихат төрағасы С.Социал мен ауданның сала бөлім басшылары қатысты. Аталмыш жеке қабылдауға келген кент тұрғындарының басым көпшілігі үй мәселесі, жұмысқа орналасу, газ тарту сынды өтініш, ұсыныстарын жеткізді. Ал, ауданның сала, бөлім басшылары болса тұрғындардың күнделікті толғандырып жүрген сұрақтарына жеке қабылдау жасап, тиісті жауап береді.
Кездесу соңында аудан әкімінің м.а. көтерілген мәселелердің кейбіреуінің сол жерде шешімін айтып, қалғанын назардан тыс қалмай жұмыс жоспарына алып, жеке бақылауында болатынын жеткізді.