Аймақтық “Жігіт Сұлтаны-2024” атты байқау өтті

Аймақтық “Жігіт Сұлтаны-2024” атты байқау өтті

✨Ақпан айының 25 күні Шабал Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен, кент әкімдігі және Аудандық Жастар Ресурстық орталығының қолдауымен өткен аймақтық “Жігіт Сұлтаны-2024” атты байқау өтті. Байқауда С.Сейфуллин кенті, Бұрма ауылы, Ақсу-аюлы ауылы Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Аудандық мәдени-сауық орталығы, сондай ақ Кеншоқы ауылы, Дария кенті, Ақадыр кенті әкімдігі және М.Маметова атындағы орта мектебінен, 18-35 жас аралығындағы 8 жігіт бақ сынасты.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
1 кезең “Ш.Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен, кент әкімдігі және аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен өткен аймақтық “ Жігіт Сұлтаны-2024” атты байқау өтті. Байқауда С.Сейфуллин, М.Маметова, Бұрма ауылынан, Шет ауданы Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Ақадыр кент әкімдігі, Аудандық мәдени-сауық орталығынан сондайақ Кеншоқы ауылынан, Дария кентінен 18-35 жас аралығындағы 8 жігіт бақ сынасты.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды
1 кезең “ Тегімді менің сұрасан”
2 кезең “Жігітке жеті өнерде аз”
3 кезең “Сұрақ жауап”
4 кезең “Күш атасын танымас”
5 кезең “Сән үлгісі”

Байқауыдың қортындысы бойынша:

Бас жүлде иегері - Сейіт Наурызбай Қазбекұлы (Бұрма ауылы)
1 орын иегері - Шабанов Нұрбек Даутбекұлы (Кеншоқы ауылы)
2 орын иегері - Советов Қуаныш Мейірханұлы (Шет ауданы)
3 орын иегері- Қуанышбаев Тілектес Есенұлы (Ақадыр кенті)

Жеңіпаздарға мадақтама мен ақшалай сертификаттары, қатысушыларға алғыс хаттар мен Аудандық жастар ресурстық орталығынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Барлық атсалысқан өнерпаздар мен қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!