Ауданға қарасты С.Сейфуллин атындағы кентте 2008-2009 жылы туған қыздар арасында волейболдан аудандық ашық біріншілік өтті. Аталмыш жарысқа аудан аумағындағы ауыл, кенттерден жалпы саны 8 команда қатысып өзара бақсынасты. Ашылу салтанатында ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Ахметов спортшыларды алғыс айту күнімен құттықтап, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Қызу тартыста өткен сайыс нәтижесінде жүлделі І орынды - С.Сейфуллин кенті, ІІ орынды Ақадыр кенті, ІІІ орынды Нұраталды ауылының командалары иеленді. Жеңімпаздар мадақтама қағаздары мен арнай кубок -медальдармен марапатталды. Сондай - ақ, біріншіліктің үздік ойыншыларына түрлі номинациялар мен естелік сыйлықтар берілді.