🏆Шет ауданы Жастар Ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен, 2024 жылдың 25 ақпаны күні Ақсу-Аюлы ауылында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай волейболдан 9-11 сынып оқушылары арасында, аудандық ашық біріншілік өтті. Біріншілікке ауылдық округтер мен кенттерден 8 құрама команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша III орын Ақсу-Аюлы командасы, II орынды С. Сейфуллин кенті, І орынды Ақжал кенті иеленді. Марапаттау салтанатында жеңімпаз командалар ЖРО-ның арнайы дайындалған медальдармен, мадақтама қағаздармен, командалық кубоктармен марапатталды. Үздік ойыншылар естелік сыйлықтармен марапатталды!