
Жуырда Қарағанды қаласында 2011 - 2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында «Асық ату», «Бес асық» сынды ұлттық спорт түрлерінен облыстық чемпионат өтті. Қазыналы аймағымыздың түкпір – түкпірінен сайдың тасындай кәсіпқой спортшылар бас қосқан дүбірлі додада аудан құрама командасы оқ бойы озық танылып, 2 спорт түрінен де жеңімпаз атанды. Алдағы уақытта спортшылар аталмыш спорт түрлерінен республикалық чемпионатта аймағымыздың намысын қорғайтын болады. Осы орайда, спортшы ұл – қыздарымыздың толағай табыстарымен құттықтап, ел чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз.