МОЙЫНТЫ КЕНТІ ЖӘНЕ КИІКТІ, БОСАҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСТЫ

МОЙЫНТЫ КЕНТІ ЖӘНЕ КИІКТІ, БОСАҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін Мойынты кенті және Киікті, Босаға ауылдық округтерінің тұрғындармен кездесу өтті. Аталмыш кездесуге аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Карсембаев және ауданның сала бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында дәрігер маманның жетіспейтіндігін, жайылым жер, жаңа мектеп және аурухана саласына бірқатар мәселелер көтерілді.
Сонымен қатар, аудан басшысының м.а. өз кезегінде тұрғындар тарапынан түскен мәселелер бойынша заң аясында жауаптарын беріп, іс-шара жоспары жасалып, назардан тыс қалмайтынын жеткізді.