Кеше ауданымызға қарасты Ақжал мен Ақшатау кенттерінің тұрғындарымен кездесу өтті.
Аталмыш кездесулерге аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Карсембаев пен аудан прокуроры Е.Жаппар қатысты. Кездесу барысында кент тұрғындары медицина саласын жандандыру, жер мәселелеріне байланысты өтініш, ұсыныстарын жеткізді. Ал, тұрғындардың жеке сауалдарына тиісті сала бөлім басшылары жауап берді. Сонымен қатар, аудан прокуроры тұрғындарға қазіргі күнде белең алып тұрғын алаяқтықтардың түрлеріне тоқталып, алдын алу және сақтық шараларына тоқталып өтті.
Кездесу соңында аудан әкімнің м.а. көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмай жұмыс жоспарына алып, жеке бақылауында болатынын жеткізді.