2024 жылдың 18 ақпаны күні Ақсу-Аюлы ауылында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 толуына орай волейболдан аудандық ашық біріншілік өтті. Біріншілікке ауылдық округтер мен кенттерден 12 команда қатысты. Ашылу салтанатында Шет ауданы әкімінің орынбасары О.Стыбаев спортшыларды интернационалистер күнімін құттықтап, сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Ақсу-Аюлы командасы, ІІ орынды Ақжал кентінің командасы, І орын С.Сейфуллин кентінің командасы иеленді. Марапаттау салтанатында Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Ахметов спортшыларды жеңістерімен құттықтап, жарыстың өтуіне ықпал жасаған спортшыларды Ақсу-Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы, Ж.Ақылбаев мектебінің ұжымы мен Ы.Алтынсарин мектебінің ұжымына алғысын білдірді. Жеңімпаз командалар арнай медальдармен, мадақтама қағаздармен, командалық кубоктер және ақшалай сыйақылармен марапатталды. Үздік ойыншлар естелік сыйлықтармен марапатталды.