Кеше ауданымызға қарасты Үңірек, Өспен ауылдық округтері мен С.Сейфуллин кенті тұрғындары мәселелері тыңдалды. Аталмыш кездесулерге аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Карсембаев пен аудан прокуроры Е.Жаппар жергілікті елді – мекен тұрғындарының мәселелері бойынша сұрақ – жауап алмасты. Оның ішінде тұрғындар тарапынан жайылым жер алу, жедел жәрдем көлігінің жөндеу жұмыстары, көше жарық шамдары, фап құрылысы сынды мәселелер көтеріліп, оларға заңдылықтар аясында жауаптары берілді.
Сонымен қатар, аудан прокуроры кездесуге келген тұрғындарға алаяқтық қылмыстардың түрлерімен олардың алдын алу мақсатында түсіндерме жұмыстарын жүргізді.
Туындаған барлық мәселелерге тиісті жауаптары беріліп, алдағы іс-шаралар жоспарына алынды.