
Жуырда ауданға қарасты Кеншоқы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті. Айтулы жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Е.Жаппар, Мәслихат төрағасы С.Социал, әкім орынбасарлары мен сала бөлім басшылары және «Saryarka Resources Capital» ЖШС директоры М.Мадиев, «Sary-Arka Copper Processing» және «Kyzyl Aray Copper» ЖШС директоры А.Мұқажанов, «Sary-Arka Copper Processing» ЖШС персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі директоры Г.Қалмұрза, «Sary-Arka Copper Processing» ЖШС әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім басшысы Б.Аскерканов қатысты.
Кездесуде тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер туындап, жаңадан сайланған басшылармен түскен сұрақтарды назарға алып, бір аптаның көлемінде нақты жауабын айтатынын жеткізді. Сондай-ақ, аудан басшысы өз кезегінде бюджет тарапынан фельдшерлік-акушерлік пункт ғимараты құрылысы ағымдағы жылы басталатынын және ескі ауылға су құбыры тартылатынын айтып өтті.