Газ баллондарды сақтау және қолдану ережелері

Газ баллондарды сақтау және қолдану ережелері

⚠️Төтенше жағдайлар бөлімі тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:

➖тек ақаусыз газ жабдығын пайдалану қажет;
➖газ құрылғыларын орнатуды және іске қосуды тек мамандарға тапсырыңыз;
➖жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;
➖газ баллондарын жылыту құрылғыларының жанында ұстауға қатаң тыйым салынады.

❗️Газ баллондарын пәтерлерде, үйлерде, шатырларда, балкондарда және жертөлелерде сақтауға болмайды. Көпқабатты үйлерде баллонды газды пайдалануға тыйым салынған.