ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін ауданымызға қарасты Дәрия кенті, Кр.Поляна және Ақой ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өтті.
Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Е.Жаппар мен сала бөлім басшылары қатысты.
Маңызды шарада Кр.Поляна ауылының тұрғындары мәдениет үйін күрделі жөндеу, ауылға кіре беріс тас жолына асфальт төсеу, Пикет ауылына фельдшерлік-акушерлік пункттің керек деген сынды мәселелер көтеріліп, аудан басшысы округ әкіміне көтерілген мәселелер бойынша және алдағы жылға атқаратын бірқатар жұмыстарға қатысты арнайы тапсырмалар берді. Басқада округтерде шабындық жер алу, жол жөндеу сынды қойылған сұрақтарға аудан басшысы өз кезегінде заң аясында жауап беріп, іс шара жоспарына алынатынын жеткізді. Сонымен қатар, аудан прокуроры кездесуге келген тұрғындарға алаяқтық қылмыстың және жекелей құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қазіргі күнде белең алып тұрған интернет алаяқтыққа жол бермеу керек екенін жеткізді.