Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров пен аудан прокуроры Е.Жаппар ауданға қарасты Көктіңкөлі, Батық, Бұрма ауылдық округтерінде болды. Аталмыш кездесулерде аудан әкімі кестеге сәйкес бекітілген елді мекендердің тұрғындарымен кездесті. Айтулы жүздесулерде негізгі басымдық тұрғындардың сұрақтарына беріліп, оларға тиісті бөлім басшылары жауаптарын берді. Өз кезегінде аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелерге іс-шара жоспары құрылып, жеке бақылауында болатынын жеткізді. Сонымен қатар, аудан прокуроры Е.Жаппар тұрғындарға алаяқтық қылмыстың және жекелей құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.