ЖАҢА ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ

ЖАҢА ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ

“Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында ауданымыздың жеті елді мекенінде ФАП құрылысы басталып, халық игілігіне пайдалануға берілуде.
Кеше ауданымызға қарасты Ақшатау кентінде халықтың игілігі үшін пайдалануға берілген фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылу салтанаты болып өтті.
Әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары М.Жумкин сөз сөйлеп, салтанатқа жиналған көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады.
Мұнан соң, лента қию рәсімі жасалып, ақ жаулықты әжелер шашу шашты. Жақсыны көрмекке деген көпшілік дәрігерлік амбулатория ішіне кіріп тамашалады. Жаңа типті көркем ғимарат көз тартарлық. Дәрігерлер мен ем алуға келгендер үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Кабинеттер қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған.