Ұлттық жоба аясында фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді

Ұлттық жоба аясында фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді

Киікті, Босаға елді мекендерінде “Ауыл медицинасын жаңғырту” ұлттық жобасы аясында фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Атаулы іс-шараға аудан әкімінің бірінші орынбасары Д.Карсембаев қатысып, елді мекен халқына зор денсаулық тілеп, ізгі ниетін білдірді. Биылғы жылы аудан бойынша тағы 14 елді мекенге ФАП-тар мен медпункттердің құрылысы жоспарлануда. Бұл ауыл халқының сапалы және уақытылы медициналық қызмет алуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.