Аудан әкімі М.Мұхтаров пен аудан прокуроры Е.Жаппар ауданымызға қарасты кенттер мен ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өтті. Аталмыш кездесу Ақшоқы, Талды, Нұраталды елді мекендерінен басталып, аудан басшысы, аудан прокуроры мен тиісті сала бөлім басшылары қатысты. Аталмыш кездесу барысында жергілікті тұрғындардың басым сұрақтары жер алу, жұмысқа тұру, қайтарымсыз мемлекеттен берілетін грант, үй мәселесі, қаңғыбас иттерді аулау секілді өзекті мәселелер қозғалып жатты. Осыған орай, өз кезегінде аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелерге заң аясында жауап беріп, іс-шара жоспары құрылып, жеке бақылауында болатынын жеткізді. Сонымен қатар, аудан прокуроры Е.Жаппар тұрғындарға алаяқтық қылмыстың және жекелей құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарына тоқталып өтті.