КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Аталмыш отырыстың күн тәртібі бойынша бірінші мәселе ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің 2023 жылғы қызмет қорытындылары мен 2024 жылға арналған жоспарлары қаралды. Сонымен қатар, ағымдағы жағдай бойынша аудандағы жылу беру маусымының өту барысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары мен БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыс туралы жауапты бөлім басшылары баяндама жасады.
Осыдан кейін, басқа да түрлі сұрақтар талқыланып, жиын соңында аудан басшысы жауапты сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.