ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Қазіргі таңда ауа - райының құбылмалы түрі байқалып, ауа температурасы жылуына байланысты, қардың күрт еруі орын алуда. Алайда, синоптиктер тарапынан жақын күндері ауа температурасы - 30 градусқа дейін баруы мүмкін екендігі болжануда. Осыған орай, аудан әкімі М.Мұхтаровтың тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы барлық елді мекендердегі көше қарларын сыртқа шығару жұмыстары тәулік бойы тұрақты түрде атқарылуда. Бүгінгі күні аудан бойынша барлығы 7000 м3 жуық қар арнайы техникалардың көмегімен сыртқа шығарылған. Осы орайда, аудан тұрғындарынан аулаларындағы қарларды тазалап, келеңсіз жағдайлардың алдын алуды сұраймыз.