«КӨКТЕМ-2024» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

«КӨКТЕМ-2024» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Шет ауданында «Көктем - 2024» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығу барысында көктем кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою мен іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі басқару органдарының дайындықтары тексерілді.
Бұл жердегі мақсат аудан көлемінде азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін көктемгі кезеңге жоғары әзірлікке келтіру, ықтимал төтенше жағдайларды дер кезінде жою, көктем кезіндегі төтенше жағдайда халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерді эвакуациялау және ұйымдар арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру, қолда бар күштерді, құралдар мен ресурстарды тартуға жан-жақты жәрдем және көмек көрсету жұмыстарын дайындыққа келтіріп, іс-әрекеттері пысықталды.