
«Қазгидромет» болжамы бойынша алдағы күндері 9-14 ақпан аралығында, әсіресе бүгін және ертең 10 ақпанда өңірде күрделі ауа-райы сақталады.
Қар және жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ, желдің жылдамдығы 20 м/с, кейбір жерлерде екпіні 28 м/с дейін күтілуде.
Қазіргі уақытта республикалық маңызды жолдардың 4 учаскесі және облыстық маңызды жолдардың 15 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жабық.
Осыған байланысты біз барлық азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз!
- Елді мекендерден көлікпен және жаяу шығуды шықпаңыздар!
- Жабылу орындарында көлікпен жиналмаңыздар!
- Жол бойындағы объектілерде ауа-райының қалыптасуын күтіңіздер!
- Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер!
- Ауа-райы туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар департаментінің парақшаларынан, теледидар, радио және әлеуметтік желілері арқылы қадағалаңыздар!
Барлық тұрғындарды шектеу шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Облыстың мемлекеттік органдары, полиция бөлімшелері, медициналық қызметтер мен авариялық-құтқару бөлімшелері тәулік бойы кезекшілікте.
Осыған байланысты құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізу, науқастарды шұғыл госпитализациялау, сондай-ақ оқиғалардың барлық фактілері бойынша көмек қажет болса, 112, 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласыңыздар.