
Қарағанды облысының кадрлық комиссиясы Қарағанды облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.
Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
2) құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан кем емес;
3) жоғары білімі болуы;
4) үшжылдан кем емесеңбекөтіліболуы тиіс.
Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.
Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.
Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Қарағанды қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 39, (2-қабат).