ЖҰМЫСКЕРДЕ ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

ЖҰМЫСКЕРДЕ ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

Ауданның Тағылы ауылдық округіне қарасты Жұмыскер ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембаев қатысып, жылы лебізін білдірді. Осыдан кейін, ауыл тұрғындары жаңа мекемені аралап, барлық жағдайымен танысты. Көптен бері күткен медицина ғимаратына қол жеткізген тұрғындар облыс, аудан басшылығына рақметін айтып, ризашылығын білдірді.