ОТКРЫТА ВРАЧЕБНАЯ АМБУЛАТОРИЯ

ОТКРЫТА ВРАЧЕБНАЯ АМБУЛАТОРИЯ

Ауданға қарасты Бұрма ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі М.Мұхтаров қатысып, ақ халатты абзал жандардың қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді. Осыдан кейін, аудан басшысы ғимараттың ішін көріп, дәрігерлермен кездесті. Ауыл тұрғындары көптен бері күткен бұл қуанышқа мұрындық болған облыс, аудан басшылығына рақметін айтып, ризашылығын білдірді. Айта кету керек, биылғы жылы дәл осындай медицина ғимараттары ауданның 7 елді мекенінде салынып, ел игілігіне беріліп отыр. Сонымен қатар, алдағы жылы 14 елді мекенге дәл осындай амбулаториялар ашылу жоспарлануда.