
Жуырда аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы жұмыс барысымен ауданға қарасты Бұрма ауылдық округінде болды. Сапар барысында аудан басшысы қоғамдық кеңес мүшелері мен ауыл ақсақалдарымен кездесті. Аталмыш кеңесте аудан басшысы өткен жылы атқарылған және ағымдағы жылы жоспарланған жұмыстарға тоқталып, тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, жиыннан кейін ауылда жүріп жатқан ФАП - ғимаратының құрылыс барысын аралап көрді.