
Күн санап кәсіпкерлікке ден қойғандардың қатары артуда. Мемлекет берген мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, тың идеямен жаңа кәсіп бастауда. Атап айтсақ аудан орталығында жеке кәсіпкер Г.Мукашова ет,сүт өнімдерін және жартылай фабрикат өнімдерін дайындайтын шағын цех ашты. Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында мемлекеттен грант ұтып алып және “Ауыл Аманаты” бағдарламасы аясында жеңілдетілген 2,5%-бен несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп, тұтынушыларын сапалы өніммен қуантуда. “Қуандық” атауымен ашылған шағын цех 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.