КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Аталмыш отырыстың күн тәртібі бойынша бірінші мәселе ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімдерінің 2023 жылғы қызмет қорытындылары және 2024 жылға арналған жоспарлары. Сондай-ақ, Ауданның 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Сонымен қатар, ағымдағы жағдай бойынша аудандағы жылу беру маусымының өту барысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары мен БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыс туралы жауапты бөлім басшылары баяндама жасады.
Осыдан кейін, басқа да түрлі сұрақтар талқыланып, жиын соңында аудан басшысы жауапты сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.