
“AMANAT” партиясы аудандық филиалында аудан әкімі М.Мұхтаров азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді. Өтініш берушілердің сұрақтарының дені тұрғын үй, тұрақты жұмыс, қайтарымсыз грантқа байланысты болды. Әрбір тұрғынның мәселесін ден қойып тыңдаған аудан басшысы оларға заң аясында жауап беріп, жұмыс жоспарына алынды. Сондай - ақ, қабылдау соңында тиісті бөлім басшыларын жинап, нәтижесінде тұрақты жұмыс сұраған 1 аудан азаматының мәселесі оң шешімін тапты.