АУДАНДЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

АУДАНДЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Жуырда аудан орталығындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен футзалдан 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында аудандық ашық біріншілік өтті. Айтулы біріншілікке ауыл,кент құрама командаларынан жалпы саны 6 команда қатысып, жарыс қорытындысы бойынша жүлделі І-орынды Үңірек ауылы, ІІ-орынды Ақадыр кенті, ІІІ-орынды Ақсу-Аюлы командалары иеленді. Жеңімпаздар мен номинация иегерлері бөлім тарапынан арнайы медальдармен, мадақтама қағаздарымен, командалық кубоктармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.