
Жуырда ауданымызға қарасты Талды ауылында жергілікті жеке кәсіпкер Еркеш Түсіпқызының бастамасымен жаңа наубайхана іске қосылды.
Кәсіп иесі ауылға наубайхана ашу ісін осыдан біраз уақыт бұрын ойластырып, өз қаражатына бірқатар қажетті құрылғыларды сатып алған. Қазіргі уақытта жаңа кәсіп нысаны Талды ауылынан бөлек, маңайындағы Берекет, Байбала, Аққияқ, Ақбауыр мен Ақшоқы елді мекендерін жаңа пісірілген нанмен қамтамасыз етіп отыр. Ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.