АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Әкімдікте аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңеске аудандық мәслихат төрағасы, әкім орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары аудан әкімдігінің жиын залына келіп қатысса, ауылдық округ әкімдері ZOOM қосымшасы арқылы онлайн қатыса алды.
Аталмыш жиында аудан басшысы #14 өрт сөндіру бөлімінің жаңа басшысы Сапаров Еркебұлан Төлегенұлын барша әріптестерінің алдында таныстырды.
Маңызды жиында ауданның төтенше жағдай мен ауданның мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімдерінің 2023 жылғы қызмет қорытындылары мен 2024 жылға арналған жоспарлары, сонымен қатар, әскерге шақыру және әскери есеп жүргізудің 2023 жылғы қорытындысы мен 2024 жылға арналған жоспарларымен қатар ағымдағы жағдай бойынша жылу беру маусымының өту барысы, әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағалары, БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыстары қаралып, тиісті басшылар хабарламалар жасады.

Жиын соңында аудан басшысы ауыл, кент әкімдері мен бөлім басшыларына нақты хаттамалық тапсырмалар берді.