Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша аудандық комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша аудандық комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша аудандық комиссия отырысы өтті. Аталмыш отырыста 2023 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы ауданның құқықтық жұмыс және ішкі саясат бөлімдерінің есептері тыңдалып, бірқатар алдын алу шараларына байланысты тапсырмалар берілді. Қаралған мәселелер ішінде тұрғын үйді пайдалану мен берудегі заң бұзушылықты болдырмау қажеттігі баса айтылды. Тұрғын үй мәселесі бойынша бөлім басшысы Т.Шамгунованың есебі тыңдалып, тұрғын үй кондоминиум нысандарын түгендеп, рәсімделмеген кент әкімдерінің қысқа мерзімде тез арада орындауына байланысты тапсырмалар берді. Күн тәртібінде қаралаған екінші мәселе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы Шет ауданы бойынша атқарылған іс – шаралар туралы болды. Жалпы айта кету керек биылғы жылы бұл тақырыпта 23 іс-шара өткізілген. Сондай-ақ «ADAL BOL LIKE» марафоны аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 10-ға жуық спорттық сайыстар мен семинарлар, көрме, акция, брэйн-ринг, дебат сынды шаралар түрі өткізіліп әлеуметтік желі парақшалары мен жергілікті БАҚ көздерінде жарияланған. Нәтижесінде ауданымыз облыс деңгейіндегі «ADAL BOL LIKE» марафоны аясында үздік үштіктің қатарынан көрініп отыр. Мамандардың айтуынша алдағы уақытта да бұл бағыттар бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіле бермек.