
📌 Облыстағы ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай сырқаттанушылықтың маусымдық өсуімен сипатталады.
2023-2024 жж. эпидемиялық маусымының 1 қазанынан 17 қаңтарына дейін облыста жедел респираторлық вирустық инфекцияның 56 264 жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ ауруының 2 есе өсуі байқалады. ЖРВИ-мен ауырғандардың негізгі үлесін 62%-да 14 жасқа дейінгі балалар құрады, бұл 37 745 жағдай.
Ағымдағы эпидемиялық маусымда А тұмауы вирусының Н3N2 штаммының басым тіркелуі байқалады. Облыстағы зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері тұмау вирустары бар 67 оң үлгі анықталды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 31 жағдай (46%), ересектер арасында 54%-да яғни 36 жағдай анықталды.Тұмау вирусының барлық оң үлгілері А3 вирусының субтипіне жатады.
Тұмаудың алғашқы жағдайлары өткен жылдың қараша айының соңында тіркелген. Тұмау жағдайлары Қарқаралы ауданы, Приозерск қаласын қоспағанда, барлық дерлік аумақтарда тіркелді.
Эпидемиялық маусымда оқушылар арасында ЖРВИ-мен сырқаттанушылық – 16,3% құрады. Оның ішінде - 17 оқушы тұмаумен ауырды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұмаумен сырқаттанушылықтың 3,8 есе төмендегені байқалады.
Департамент, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында апта сайын аурушаңдыққа мониторинг жүргізеді. Қазіргі уақытта тұрғындар арасында сырқаттанушылықтың апта сайынғы бақылау деңгейінен асып кету, оның ішінде оқушылар және сыныптар арасында 20%-дан асатын аурушаңдық тіркелмеген, мектеп оқушылары арасында орта есеппен алғанда сырқаттанушылық 4-13% құрайды, осыған байланысты шектеу іс-шаралары енгізілмеген.
Сонымен қатар, Департамент тұмаусыз вирустардың да айналымына мониторинг жүргізеді, осы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ белгілері бар науқастардан 862 үлгі сыналды, тұмаусыз вирустардың үлес салмағы зерттелген сынамалардың жалпы санының 32% құрады, олар риновирус, аденовирус, РС-вирус және басқалары.