Қарағанды облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қарағанды облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

📌 Қарағанды облысында қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі сақталуда. Сырқаттанушылық облыстың барлық аумақтарында тіркеліп отыр, оның ішінде облыстық көрсеткіштердің жоғарылауы Қарағанды, Приозерск қалаларында, Қарқаралы және Нұра аудандарында тіркелуде.
Ағымдағы жылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша қызылшаға күдікпен 288 жағдай тіркелді, оның ішінде 143 жағдай (49%) зертханалық жолмен расталды.
2023 жылғы ақпаннан 2024 жылғы 17 қаңтарға дейін өсімімен облыста қызылшаның 948 жағдайы зертханалық расталды, жас құрылымында 661 жағдайды құрайтын 14 жасқа дейінгі балалар басым, олар 70%.
Балалар аурушаңдығы негізінен екпе алмаған адамдар арасында тіркеледі, олар 90% құрап отыр.
Бүгінгі таңда қызылша 97 мектепке дейінгі мекемелерде тіркеліп, ауырған 190 бала болса, 133 мектепте 289 оқушы ауырған.

Вакцинация жүргізу үшін ДДҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасында тіркелген қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Вакцинация тұрғылықты жері бойынша облыс емханаларының барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі.
Департамент барлық ата-аналарды өз баласының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, қосымша жаппай иммундау шеңберінде қызылшаға қарсы екпе алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға уақтылы жүгінуге, әсіресе 6 айдан 10 ай 29 күнге, 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі, сондай-ақ 1 және 6 жас аралығындағы балаларды Қазақстан Республикасының профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы екпе алуға шақырады.

Облыстағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты аурудың белгілері пайда болған кезде:
- өзін-өзі емдемеу, дәрігерді үйге шақыру және дәрігердің нұсқауы бойынша емделу;
- ауырғанда үйде болу, жұмыс және оқу орындарына, сондай-ақ қоғамдық орындарға және мәдени-бұқаралық іс-шараларға бармау, әсіресе амбулаториялық емделіп жатқан науқастар үй оқшаулауын қатаң сақтауы тиіс;
- науқас балаларды ұйымдасқан ұжымдарға, мектептерге және мекпепке дейінгі мекемелерге жібермеу ұсынылады.

Қызылшаға қарсы вакцинация аурудың алдын-алудың жалғыз дәлелденген және тиімді құралы, ол сенімді әрі ұзақ мерзімді иммунитетті қалыптастырады.
- қызылшаның инфекциясын, сондай-ақ оның асқынуын болдырмайтын жалғыз тиімді құрал.
Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір дозасы баланың иммунитетін нығайтады!