КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Аталмыш кеңеске ауданның мекеме, бөлім басшылары және ауыл, кент әкімдері қатысты. Маңызды жиында ауданның ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің 2023 жылғы қызмет қорытындылары, сонымен қатар, 2024 жылға арналған жоспарлары, ағымдағы жағдай бойынша жылу беру маусымының өту барысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары, БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстар туралы мәселелер қаралып, сұрақтар талқыланды.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары мекеме, бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне кеңесте көтерілген мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.